"Ешқандай қысым...". Хамитов ұсталғаннан кейін бірінші сұхбатын берді

15 қыркүйек 2020 14:52
Сурет: Қуат Хамитовтың Instagram желісінен
Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитовты полиция босатты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оқиғаның мән-жайын оның PR-менеджері Серік Ноян айтып берді, ол Instagram желісінде спортшының журналистер алдында сөйлеген видеосын жариялады. 

"Ассалаумағалейкум, ағайын! Қуат Хамитов бостандыққа шықты. Қолдау білдірген баршаңызға рақмет! Қалғанын кешке жаңалықтардан көріңіздер. Ең бастысы жаяу-жалпы жүрген ешкім жоқ. Әркімнің сұрауы бар! Қуат өз позициясын айтты, ойын білдірді. Істің ақ-қарасын құқық қорғау органдары өздері анықтай жатады. Қазір Қуат 25-қыркүйекте өтетін жекпе-жекке дайындығына қайта кіріседі!", - деп жазыпты ол. 



Сонымен қатар, Қуат Хамитов атышулы видеосын әзіл деп түсіндірді.