auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Ешек сөзінен тайып кетті". Қазақстандық ирандық қарсыласымен болған жанжал туралы айтып берді

Бұл кездесуде отандасымыз жеңіліп қалды.

"Ешек сөзінен тайып кетті". Қазақстандық ирандық қарсыласымен болған жанжал туралы айтып берді
Мұратбек Қасымбай. Сурет: FNG©
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Мұратбек Қасымбай ight Nights Global TV арнасына берген сұқбатында ирандық спортшы Мохаммед Хейбатимен болған жанжал туралы айтып берді. 

"Ол ешек жекпе-жек бітіп, менің қолымды көтермей жатып, қасыма келіп құшақтап: "Бауырым, жеңісіңмен құттықтаймын", - деді. Мен де оны құшақтап: "Саған да рақмет, керемет кездесу болды", - дедім. Содан соң ол бірден өзгеріп шыға келді. Бірақ ол оны ешқашан мойындамайтын шығар. Оның қолын көтерді. Мұны оның өзі де күткен жоқ. Жылап жіберуге шақ қалды. Адам бәрібір эмоциясын жасыра алмайды. 

Кейін ол киім ауыстыратын бөлмеге келді. Мені камераға түсіріп жатқанын байқамадым. Ол кіре салысымен: "Жеңілісіңді мойындашы", - дедім. "Бауырым, ештеме есімде емес", - деп өтірік айта кетті. "Біз он минут бұрын ғана төбелестік, қалай есіңде емес", дегеніме "Төрешілер, мұның бәрі төрешілердің тірлігі", - деді. Мен кейін өз-өзіммен қалып, не үшін оған ренжіп отырмын, бұл төрешілердің қателігі ғой деп басылдым. 

Қазақстанға ұшып келгенде маған таныстарым оның постын жіберді. Онда мені үш раунд бойы қуып жүріп ұрғаны, басым болғанын айтты. Жекпе-жектен кейін бірден ол маған мұның бәрін айтуға болатын еді. Оған да мән бермедім. Алайда кейін ол менің жазбамның астына: "Сен мықты спортшысың. Бірақ мен сенен мықтымын", - деп пікір қалдырды. Сол кезде менің ашуым келді. Егер ол еркек болса, бетіме айтуы керек еді. Адамның артынан әңгіме айтудың не қажеті бар. Біз сол кезде бір жерде кездесіп, бұл мәселені шешіп алатын едік. Менің оған ешқандай шағымым жоқ еді. Ол жеңіл жүрісті қыздар сияқты, артымнан сөйлеп жүр. 

Менің жазбама пікір қалдырғаннан соң, мен оған хабарластым. Бірақ ол телефонды алмайды. Бізде мұндай дүние жасалмайды. Дағыстанда да. Ол менің бетіме айтудан қорықты", - деді ол. 

Айта кетейік, Қасымбай мен Хейбати арасындағы кездесу Мәскеу қаласында AMC Fight Nights 99 турнирінде өтті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Хейбатиге берді. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар