Есе қайтарды. Қазақ файтер салмақ өлшеуде кеудесінен итерген қарсыласын талдырып тастады

20 ақпан 2022 10:34
©Octagon

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар Ташкентте өткен Octagon 27 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еркебұлан өзбекстандық Абдул-Азиз Сотволдиевті екінші раундта нокаутқа түсірді. Айта кетейік, спортшылар салмақ өлшеу кезінде төбелесіп қалған болатын. 

Бұл қазақ спортшының ММА-де өткізген төрт жекпе-жектегі үшінші жеңісі. Еркебұлан карьерасында жалғыз рет осы Сотволдиевтен 2021 жылы Octagon турнирінде жеңілген - қазақстандық қылқындыру әдісіне түсіп қалған еді.

Еркебұлан Тоқтар актер екенін айта кетейік. 2011 жылдан бастап массовкада ойнай бастады. Ал 2017 жылы ZOR фильмінде бас кейіпкердің рөлін сомдады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport