Ес-түссіз сұлық құлады. Қазақстандықтың жекпе-жегі ауыр нокаутпен бітті

Сочиде аралас жекпе-жектен Fight Nights турнирі аяқталды. Оның басты кездесуінде жартылай орта салмақта ұйым чемпионы ресейлік Дмитрий Бикрев пен қазақстандық Гойти Дазаев жұдырықтасты, деп жазады Vesti.kz.

Бұл айқас бірінші раундта-ақ аяқталды, Бикрев қарсыласын бір соққымен есінен тандырып түсірді. Дазаев етпетінен құлап, ес-түссіз жатып қалды.
Айта кетейік, екі спортшы 2021 жылы бір рет жекпе-жек өткізіп, ол кезде де Бикрев үшінші раундта нокаутпен жеңген. Бірақ айқаста қазақстандық сынған қолымен жұдырықтасқан еді. Ал енді мына айқасқа 35 жастағы Дазаев ұзақ үзілістен кейін шығып отыр, ол кейінгі рет 2022 жылы жекпе-жек өткізіпті.
Жарнама