Единоборства
13 қараша 2021 10:25

Ес-түссіз құлады. Жеңілмеген файтер қарсыласын бір соққымен ауыр нокаутқа түсірді

©Видеодан жасалған кадр

Америкалық файтер Роман Фаральдо Голливудта өткен Bellator 271 турнирінде отандасы Роберт Тернквисті нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Фаральдо секіріп тіземен теуіп, қарсыласын есінен тандырды. 

Бұл 28 жастағы Фаральдоның ММА-де алтыншы және Bellator промоушеніндегі үшінші жеңісі. Алты айқасының төртеуін ол бірінші, ал қалған екеуін екінші раундта аяқтаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport