"Еркек болып...". UFC файтері Жозе Альдоны реваншқа шақырды

7 желтоқсан 2021 06:22
©allboxing

Эквадор елінің ММА шебері Марлон Вера бразилиялық Жозе Альдоны жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Жозе, жекпе-жекті қайталайық. Еркек болып менімен бес раундтық айқасқа түс", - деп жазды Вера twitter парақшасында.

Вера мен Альдо 2020 жылы октагонда жолығып, төрешілердің бірауыз шешімімен бразилиялық спортшы жеңіске жеткен еді.

Еске салайық, жуырда Жозе Альдо пуэрториколық Роб Фонттан басым түсті. Жекпе-жектен кейін Альдо АҚШ өкілі Ти Джей Диллашоуды айқасқа шақырды.
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: