Қазақстандық белгілі актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар келесі жекпе-жегінің келісімшартына қол қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл туралы Еркебұланның өзі Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді. Оның қарсыласы Gold лақап атты өзбекстандық Шахзод Узаков болады.
Жекпе-жек OCTAGON лигасында өтеді.
26 желтоқсан Ташкентте (Өзбекстан) Тоқтар All Stars бокс шоуында өнер көрсетіп, басты жекпе-жекте өзбекстандық Тимур Никулинді бірінші раундта нокаутпен жеңді.
Осы жеңістен кейін Тоқтар Узаковты жекпе-жекке шақырды. Олардың жекпе-жегі наурыз айына жоспарланып отыр.
Жарнама