Единоборства
Бүгін 09:06
 

Еркебұлан Тоқтар әлем чемпионы атағы бар өзбекстандықпен айқасатын болды

  Пікірлер

blog.share

Еркебұлан Тоқтар әлем чемпионы атағы бар өзбекстандықпен айқасатын болды ©instagram.com/erkebulan_toktar/

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтардың келесі жекпе-жегінің күні мен қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтардың келесі жекпе-жегінің күні мен қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстандық спортшының қарсыласы поп-ММА бағытында өнер көрсететін Өзбекстан файтері Бобиржон "Испанчик" Исроилов болады. Олардың жекпе-жегі екінші орта салмақта кәсіпқой бокс ережесі бойынша өтеді. Тартысты кездесу INTERNATIONAL BOXING DAY турнирінің аясында ұйымдастырылады.

Жекпе-жек 28 тамызда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының рингінде өтеді.


Еркебұлан соңғы жекпе-жегін 4 шілдеде Алматыдағы IBA Nomad 15 турнирінде өткізді. Ол сол кездесуде ресейлік блогер әрі файтер Артем Тарасовты бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Ал Исроилов – муай-тайдан әлем чемпионы. Ол соңғы жекпе-жегін 27 маусымда OCTAGON лигасында өткізіп, Қазақстанның Қонаев қаласында түрікменстандық Эзиз Дурдыевты жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!