"Енді қазақпен шықпаймын". NFC чемпионы нокаутпен жеңістен кейін мәлімдеме жасады
©instagram.com/naiza.mma
Қазақстандық файтер Николай Самусев орташа жеңіл салмақтағы NFC чемпионы титулын қорғағаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық файтер Николай Самусев орташа жеңіл салмақтағы NFC чемпионы титулын қорғағаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматыдағы ММА турнирінде ол жерлесі Райымбек Орынбайды нокаутқа түсірді. Самусев жекпе-жектен кейін, белбеуге тағы да қазақ үміткер болса, титулды жұдырықтаспай бере салатынын айтты.
"Ассаламуалейкум, Қазақ елі! Мен - қазақпын. Менталды тұрғыда - қазақпын! Мен осы жерде дүниеге келдім. Енді қазақтармен айқаспайтынымды айтқым келеді. Біреу үміткер болса, белбеуімді қалдырамын. Сол үшін маған басқа файтерлерді беріңдер, жарай ма?"- деді Самусев.
Жарнама