auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Еңбегіміздің бағасын халық берер". Naiza президенті алдағы турнир мен жоспарлар жайлы

"Еңбегіміздің бағасын халық берер". Naiza президенті алдағы турнир мен жоспарлар жайлы
©Айбар Рысдәулет

23 қыркүйек Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркінде аралас жекпе-жектен Naiza 44 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жанкүйерлер көптен күткен Магомед Кабардиев пен Фарходжон Машрапов қолғап түйістіреді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осы орайда Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабала алдағы турнир, болашаққа жоспары мен еліміздегі ММА саласы туралы сұхбат берді.

- Сұхбатымызды Naiza 44 турнирінен бастасақ. Жанкүйерлерді керемет кард күтіп тұрғн сияқты - Кабардиев - Машрапов, Көдек - Шертае?

- Мені қуантатыны, еліміздің файтерлері біздің лигада тәжірибе жинап, үлкен жекпе-жектерге шығып жатыр. Айдын Көдек пен Еламан Шертаев біздің лигада 2-3 жекпе-жектен өткізіп, осындай жоғары дәрежеде жұдырықтасуға мүмкіндік алды. Екеуі де лайық деп айта аламын. Бұған дейін Қазақстанда 61 келіде жоғары деңгейде жұдырықтасқан спортшылар саусақпен санарлықтай ғана болды. Міне, Айдын Көдек пен Еламан Шертаев мықты деңгейге көтерілді.

Магомед Кабардиев пен Фарходжон Машрапов вакантты белбеуге жұдырықтасады. Өзбек файтері Фаниль Рафиковты жеңіп, мықты екенін дәлелдеген соң осындай мүмкіндік алды. Кабардиевке келер болсам, кейінгі жекпе-жегінде UFC рейтингінде алғашқы 20-та болған Валмир Лазаро жеңді. Бұл жекпе-жекті әлем деңгейіндегі компаниялар мен жүйелер сұрап, өздерінде көрсетуге ниет білдірді. Демек Кабардиевтің деңгейі өсіп келеді деген сөз.

- Титулдық жекпе-жектерден бөлек жанкүйерлерге қай айқастар қызық болады?

- 12 жекпе-жек өтеді. Оның әрқайсысы да қызық. Өз басым жастарға көңіл аударуға шақырамын. Әуесқойда тәжірибесі бар файтерлер кәсіпқойда жақсы деңгей көрсете алады. Грек-рим күресінен спорт шебері Бағлан Жақаншаның ММА-дегі аяқ алысы жаман емес. Қарсыласы - тәжірибелі бразилиялық спортшы Дэйлтон. Мықты әрі ауыр айқас болмақ.

Наби Ашурлаев – Эмомали Холбойи жекпе-жегінен де күтерім көп. Ашурлаев туралы көп естідім. Өзін жақсы көрсете алады, хайп алып келеді.

- Жоспар бойынша жыл соңына дейін 7 турнир өтеді. Алматыдан басқа қалаларда турнирлер жоспарланған ба? Алдағы ростерлерде қандай танымал файтерлерді көріп қалуымыз мүмкін?

- Өкінішке қарай, Қазақстанның көп аймағында "продакшнмен" қиындық бар. Егер өзіміздің "продакшнмен" бару көп қаржыны талап етеді. Ал басқа "продакшн" біз талап ететін сапаны бере алмайды. Бүгінгі таңда теледидарда не интернетте көрсететін трансляциямыздың сапасын түсіруге хақымыз жоқ. Өйткені көрермен осы деңгейге үйренді. Мамандар да ТМД-дағы ең әдемі бейне бізде екенін айтады.

Оның үстіне, еліміздің көп аймағында инфрақұрылым жағынан қиындық бар. Әрине, барлық аймақта Ақтаудағыдай өте көп көрермен келетініне күмән жоқ.

- Naiza-ның қазіргі бренді деп кімді айта аласыз? Ал болашақта кім лиганың бренді бола адады?

- Әрбір салмақта кем дегенде 2 танымал спортшы болғанын қалаймыз. Ол біздің лиганың ғана емес, Қазақстан ММА-сы деңгейінің өсуіне әсер етеді. Сондықтан көп жауынгермен жұмыс істейміз, бірақ поп-ММА секілді "ананы істе, мынаны айт" дегіміз келмейді. Тарихта абыройлы ұйым болып қалғымыз келеді[1] .

Naiza жауынгері Әліби Ыдырысты қараңызшы. Артық сөзі жоқ. Сөзіне ісі сай. Стрендаунға да, жекпе-жекке де шыққанда артық іс-әрекет істемейді. Тек менің Instagram-да Әлибидің Мадругамен көз түйістіруі миллионнан астам көрілім жинады. Пікірлерді оқысаңыз Әлібидің өзін ұстауына тәнті болып жатқандар көп.

- Қазақстанда кәсіби спортты бизнеске айналдырып, табыс таба алатын менеджерлерді кемде-кем. Сіз өзіңізді солардың қатарына қосасыз ба?

- Бұрын болмаған дүниені, жаңашылдықты істеуге тырысып жатқанымыз анық, бірақ, өзімді мықты маманмын деп қалай айтамын? Оның бағасын халық береді. Біз халық үшін жұмыс істеп жатырмыз. Артымыздан игі іс қалса дейміз. Команда спортшыларымыз әлем деңгейінде өнер көрсетсе деп еңбектеніп жатыр. Спортшыларымыз әлемді мойындатып, Қазақстанды танытса қандай керемет. Сосын олардың артынан мыңдаған бала еліктеп, спортқа келеді. Осы еліміздің дамуына қосатын үлкен еңбек.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама