"Ең сұмдық нокауттардың бірі". Африкалық спортшының қарсыласын сұлатқанына Уайттың өзі таңданды

11 қыркүйек 2020 14:42
Сурет: Allboxing
Камерундық ММА файтері Тафон Нчукви Dana White's Contender Series турнирінің жеңімпазы атанып, UFC ұйымымен келісімшартқа отырды. Нчукви шешуші жекпе-жекте америкалық Эл Матаваоны ауыр нокаутқа түсіріп, UFC басшысын таңдандырды, - деп хабарлайды "Р-Спорт".

Екінші раундта камерундық спортшы қарсыласының басынан теуіп талдырды. The Sun мәліметінше, UFC президенті Дэйна Уайт файтерге тамсанып, оған промоушенмен келісімшарт ұсынды.



"Бұл жігіт Майк Тайсонды есіме салды. Төрт жекпе-жегінің бәрі нокаутпен. Алдыңғы үшеуін көрмедім, бірақ, төртіншісі мен көрген ең сұмдық нокауттардың бірі", - дейді UFC басшысы.