"Ең мықты жауынгер". Хабиб Нурмагомедов спортта беделді жүлдені иеленді

12 шілде 2021 12:43
Сурет: Fight.ru

Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов "Ең мықты ММА жауынгері" номинациясында ESPN Espy Awards 2021 жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ашық дауыс беру ESPN сайтында жүргізілді. Хабибтен бөлек бұл номинацияға Фрэнсис Нганну, Аманда Нуньес пен Роуз Намаюнас сияқты UFC чемпиондары ұсынылды. 

Еске салайық, Нурмагомедов соңғы жекпе-жегін былтыр қазанда өткізіп, Джастин Гэтжиді жеңген. Осыдан кейін ол кәсіпқой карьерасын аяқтағанын мәлімдеді.