Ең мықты айқас көрсеткен Асу Алмабаевқа UFC қомақты сомма төледі

©twitter.com

Қазақстандық спортшы Асу Алмабаев (18-2) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі үшін қанша табыс көргені айтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алмабаев АҚШ-тың Нэшвилл қаласында өткен UFC on ESPN 50 турнирінде өнер көрсетіп, екінші раундта ямайкалық Оди Осборнды (12-6) қылқындыру әдісімен жеңді.

Қазақстандық файтерге осы жекпе-жек үшін 78 000 доллар (12 000 доллар - октагонға шыққанына, 12 000 доллар - жеңіс үшін, 50 000 доллар - "Осы кеште ең мықты өнер көрсеткені" үшін, 4 000 доллар - UFC-дің ынталандыру төлемі) төленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport