"Ең қауіптіні анықтайды". Сарапшы қазақ файтердің келесі айқасы шешуші екенін айтады

25 қараша 2021 08:46
©UFC

USA Today Sports журналисті Нолан Кинг қазақ файтер Шавкат Рахмонов (13-0) пен гайаналық Карлстон Харрис (17-4) арасындағы кездесуді болашақ чемпиондардың айқасы деп атады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол жекпе-жекке қатысты болжамын айтты. 

Спортшылар 5 ақпанада жұдырықтасады, ал оның өтетін орны әзірге белгісіз. 

"Екі файтер де промоушендегі жолын мықты бастады. Олар қарсыластарының мылжасын шығарды, енді бір-бірімен айқаспақ. Бұл жартылай орта салмақтың ең қауіпті проспектін анықтайтын сынақ. Бұл кездесуде жеңген файтер топ тізімге еніп, мықты қарсыластармен жұдырықтаса алады. Алайда бұл айқас немен бітерін болжау мүмкін еместей. Дегенмен маған Рахмонов көбірек ұнайды. Бұл ғаламат құбыжық, ол аралас жекпе-жектің қай қырынан болсын мықты. Меніңше оның басымдығы бар", - дейді Кинг. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport