MMA
11 қыркүйек 2020 13:10

"Емельяненконы жеңуден әлдеқайда артық". Минеев қазақстандық Ермековпен жекпе-жектен кейін

Сурет: News.ru
Абдулманап Нурмагомедовты еске алу турнирінде қазақстандық Дәурен Ермековты жеңіп, Fight Nights Global чемпионы атанған Владимир Минеев Матч ТВ студиясында бұрынғы қарсыласы Магомед Исмаиловты әзілдеп мазақ етті. Файтер Ермековты жеңу Емельяненконы жеңуден артық екенін айтқан, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Минеев пен Исмаилов бір-бірін көптен бері жақтырмайды. 2018 жылы Fight Nights Global турнирінде екеуі тең түскен. Биыл шілдеде Исмалов АСА турнирінде белгілі ресейлік файтер Александр Емельяненконы нокаутпен жеңген.

Матч ТВ студиясында Исмаилов эфирге видеобайланыс арқылы шығып, Минеевті допинг қолданады деп, артынан жекпе-жекке шақырды. 

"Тыңда Ермековты жеңу бұл біздің айқасымызға дейінгі кішкентай қадам. FNG немесе ACA емес, бейтарап аумақта жекпе-жекке шығайық", - деді Исмаилов. 

"Мәселе ақшада ғана, екеуміз де кәсіпқоймыз. Ермековтен басым түсу, бұл Емельяненконы жеңуден әлдеқайда салмақты", - деп жауап берді Минеев Емельяненконың қарсылас болудан қалғанын меңзеп.