Емельяненко "Жирен Тарзанмен" жекпе-жекке келісті

2 қыркүйек 2021 13:25
©Тass

Ресейлік ММА файтері Александр Емельяненко отандасы Вячеслав Дацикпен жұдырықтасуға дайын. Бұл туралы спортшының өзі Іnstagram желісіндегі тікелей эфирде мәлімдеді. 

"Бұл жекпе-жекке келісемін, бірақ, ұсыныстың көбі сондай Дацикті қашан сабайтынымды білмей отырмын.

Жалпы ол арықтап, бабына келгендей, алайда, нақты ештеңе жасап жүрген жоқ. Соңғы айқасын да көрдім. Қалай десем, қолдарын к...тінің артынан лақтырады", - дейді спортшы. 

18 қыркүйекте Емельяненко блогер Артем Тарасовпен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізеді. Ал жыл соңына дейін ол рэпер Джиган және файтер Владимир Минеевпен жұдырықтаспақ. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: