Жеңіліп көрмеген аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Шавкат Рахмоновқа (18-0) қарсылас табылды, UFC қазіргі таңда жекпе-жектің мән-жайын талқылап жатыр, деп жазады Vesti.kz.
Дереккөз мәліметінше, қазақстандықтың қарсыласы жартылай орта салмақта UFC ұйымының уақытша чемпионы болған америкалық Колби Ковингтон (17-4). Бұл жекпе-жек UFC-дің маусым айында Сиэтлде өтетін турнирінде болмақ.