Экс-чемпион UFC президентіне үндеу тастап, "қортықты" жекпе-жекке шақырды

27 қыркүйек 2021 18:37
©championat

UFC-дің екі дивизионда экс-чемпионы Генри Сехудо спорттық карьреасын қайта жаңғыртып, жартылай жеңіл салмақта Алекс Волкановскимен кездескісі келетінін мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Үлкен айқастар ұйымдастыра алсаңыздар карьерамды қайта жаңғыртқым келеді. "Қортық" (Алекс Волкановски) – сен маған ыңғайлы қарсылас болар едің. Менің асқан жылдамдығыма шыдас бере аласың ба? Қазіргі таңда октагонға оралып жатсам, сенімен кездескім келеді. Дана Уайт – екеуміздің айқасымызға қаржы бөліп, үш салмақ дәрежесінде чемпион атануыма мүмкіндік бер. Волкановски – сен менімен жекпе-жек өткізгің келетініңді білемін. Саған бір айтарым  - мен сені 60 мыңдық аренада құрбандыққа шаламын", - деп жазды Сехудо өзінің инстаграм парақшасында.

Еске сала кетейік, 34 жастағы Генри Сехудо аса жеңіл және жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы. Сонымен қатар, америкалық спортшы 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында 55 келіге дейінгі салмақта еркін күресте алтыннан алқа тағынды. Волкановски болса жуырда UFC 266 турнирінде төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен Ортеганы жеңіп, қатарынан екінші рет титулын қорғап қалды.

Бір қызығы, Волкановскиді "қортық" деп атаған Генри Сехудоның бойы 1,63 сантиметр, ал аустралиялық керісінше, Генриден 5 сантиметр ұзын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: