Экс-баскетболшы ММА-да бағын сынамақ

8 желтоқсан 2021 04:50
©wikipedia

Америкалық экс-баскетболшы Ройс Уайт аралас жекпе-жекте бағын сынамақ, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ұлттық лигада үш ойын өткізген Уайт 10 желтоқсанда өтетін аралас жекпе-жек кешінде өзін жаңа қырынан көрсетпек. 30 жастағы спортшы Дайквон Баклимен өзара мықтыны анықтайды. Айтпақшы әуесқойлар арасында ММА жарыстарына қатысып келген Бакли үшін де бұл алғашқы кәсіби айқасы болмақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: