"Екінші рет ауруханада ес жидым". ММА файтері қарсыласын бір соққысыз 9 секундта жеңді

19 желтоқсан 2019 15:08
Видеодан алынған кадр
Аргентиналық ММА файтері Франсиско Баррио босниялық Ади Дураковичті бір соққы жасамай жеңді. 

Оқиға 14 желтоқсан Хорватияда өткен Fight Nation Championship турнирінде болды.

Виедодан екі файтердің октагонда бір-біріне жақындағанын, алайда, бірнеше секундтан кейін-ақ Дураковичтің еш қорғанбай, төрешіге келіп, берілетінін айтқанын көруге болады. Осылайша, төреші жекпе-жекті тоғызыншы секундта тоқтатты.




Кейін Дуракович не болғанын түсіндірді: "Кеудем қатты қысып, көзім қарауытты. Төрешіге нашар сезініп тұрғанымды айттым, есімде қалғаны осы ғана. Есімді жисам жедел жәрдем көлігінде екенмін, сосын қайтадан талықсып кеттім. Кейін ауруханада есіме келдім", - деп жазыпты босниялық Instagram желісінде. 
Метки: