Виедодан екі файтердің октагонда бір-біріне жақындағанын, алайда, бірнеше секундтан кейін-ақ Дураковичтің еш қорғанбай, төрешіге келіп, берілетінін айтқанын көруге болады. Осылайша, төреші жекпе-жекті тоғызыншы секундта тоқтатты.
Кейін Дуракович не болғанын түсіндірді: "Кеудем қатты қысып, көзім қарауытты. Төрешіге нашар сезініп тұрғанымды айттым, есімде қалғаны осы ғана. Есімді жисам жедел жәрдем көлігінде екенмін, сосын қайтадан талықсып кеттім. Кейін ауруханада есіме келдім", - деп жазыпты босниялық Instagram желісінде.