"Екі төреші...". Қуат Хамитов "Пираньямен" айқастағы түсініксіз жағдайдың бетін ашты

25 қыркүйек 2021 11:56
©instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов Сочиде өткен AMC Fight Night турнирінің басты айқсында "Пиранья" лақап атты ресейлік Мариф Пираевқа есе жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Үш раунд толықтай өткен кездесу қорытындысы бойынша, төрешілер шешімімен Пираев жеңіске жетті.

Бұл айқастан кейін Қуат Instagram желісінде жеңілісіне қатысты пікір білдірді.

"Мариф Пираевты жеңісімен құттықтаймын! Теңдей болған жақсы жекпе-жек, еш ақталмаймын. Бір ғана түсініксіз жағдай, неге екі төреші үш раундты да оған берді (30-27)", - деп жазыпты Хамитов.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport