Екі дүркін ӘЧ жүлдегерін. Қазақ спортшы қарсыласын бір соққымен құлатты

28 қаңтар 2022 11:30
©instagram.com/kazmma_official/

Қазақстандық спортшы Бекзат Жасия Абу-Дабиде өтіп жатқан ММА-ден әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

65,8 келі салмақтағы финалға жолдама үшін айқаста қазақ файтер әлем біріншіліктерінің екі дүркін қола жүлдегері швециялық Даниял Шамхаловты нокаутқа түсірді. 

Бекзат қарсыласын алдымен бір соққымен есеңгіретті де, ары қарай Шахмалов қорғана алмай қалғанда төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport