Екі-ақ соққы. Файтер қарсыласын тіземен теуіп есінен тандырды

2 наурыз 2020 11:12
© BB.lv
Амеркиалық ММА файтері Кливленд Маклин Titan FC 59 турнирінде Дезмонда Мурды нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz. Жекпе-жек видеосы UFC Fight Pass ұйымының Twitter-аккаунтында жарияланды.

Бұл кездесу бірінші раундта аяқталды. Ол Мурды еңкейген сәтте бетінен тіземен теуіп, есінен тандырды. Осылайша Маклин тоғызыншы рет жеңіске жетті, ол бұрындары жеті рет жеңілген. Мур болса осымен үшінші рет жеңіліп отыр.

Titan FC турнирі осы демалыста АҚШ-та өтті. Бүл кештің басты шоуында орта салмақта промоушеннің негізгі чемпионы Майк Грэвс Юрий Виллефортпен айқасып, чемпиондық атағын қорғап қалды.

Метки: