Хабиб Нурмагамедов негізін қалаған Eagle FC лигасының президенті Шамиль Завуров қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың болашағына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Шавкаттың жыл өткен сайын деңгейі өсіп келеді. Оның америкалық промоушендегі болашағы зор. Ең бастысы тоқтамау керек. Шавкатты алғаш рет М-1 лигасының турнирлерінде көзім шалған. Сол кезде-ақ алдағы уақытта мықты спортшы болатынын айтқам. Егер алдына қойған мақсатын жүзеге асырса, келесі жылы титулға қол созуы мүмкін", - дейді Завуров Sports.ru сайтына берген сұхбатында.
Еске салайық, Рахмонов UFC лигасында соңғы рет америкалық Нил Мэгниді (26-9) жеңді.