"Дүниенің астаң-кестеңі шығады!". Қуат Хамитов ТМД елдеріндегі арам ойындардың уақыты біткенін айтады

Сурет: : vk.com/fightnightsofficial
Қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов Қырғызстандағы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Аралас жекпе-жек шебері қатты айтқаны бар, оның дезинфекция туралы кейінгі видеосы біраз шу көтеріп, Хамитов полиция жеткізілген болатын. 

Кеше Бішкекте Қырғызстан парламентіне өтпей қалған партия өкілдері наразылыққа шығып, күш құрылымдарымен қақтығысқан. Наразы топ сайлауды қайта өткізуді талап етуде. Олар Ақүйді басып алып, абақтыдан бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты босатып алған. 

"ТМД елдеріне арам ойындар уақыты біткенін түсіну керек! Жалған сайлаудың ақыры келді. Шынайыларды жоғарыға жібермегенде дүниенің астаң-кестеңі шығады! Әрине, төңкеріс-тығырықтан шығудың жолы бола бермейді, бірақ, халыққа амал қалмағанда... Жасырмаймын, халықтың әділдік үшін күрескені маған әрдайым ұнайтын! Қырғызстан, біз сіздермен!, - деп жазыпты Хамитов Instagram желісінде.