Единоборства
19 ақпан 2018 18:15
 
Допингпен дүниені мойындата алмайсың - Арман Әшімов

  Пікірлер

blog.share

Допингпен дүниені мойындата алмайсың - Арман Әшімов Massaget.kz

Аралас жекпе-жек спорты (ММА) елімізде жыл санап дамып келеді. Бүгінде халықаралық жарыстардағы қазақ спортшыларының жетістігін көріп, буыны бекіп келе жатқан жастардың қызығушылығы артқан.

Қазіргі таңда аралас жекпе-жек кештерін ұйымдастыратын әлемдік ұйымдар жетерлік. Алдыңғы қатарда алпауыт UFC (Ultimate Fighting Championship) тұр. Қазақ спортшыларының көпшілігі осы ұйым аясында жекпе-жек өткізуге күш салып келеді. Спорт жанкүйерлері де осыны күтіп жүргені анық.

Қазақстандық спортшылар осы ұйым аясындағы жекпе-жекке қашан шығады? Бұл сұрақтың жауабы – уақыттың еншісінде.

UFC болмаса да, үздіктер қатарына енетін ұйымдарда чемпиондық атаққа қол жеткізіп жүрген қандастарымыз баршылық. Жақында ғана Санкт-Петербургте өткен M1 Global турнирінде Арман Әшімов уақытша чемпиондық атаққа қол жеткізді. Осы ұйым белбеуіне ие болған алғашқы қазақ спортшысы атанды. Жойқын соққысы, жымиған күлкісі, жарқын жеңісті жекпе-жектерімен жұртшылық назарын аударған спортшымен тілдесудің жақында сәті түскен еді.

Әуесқой бокста әділетсіздік аз емес

Әңгіменің әлқиссасын спортшының өскен жері, спортқа келуі мен бокстан аралас жекпе-жекке қалай ауысқаны жайлы сұрағымыздан бастадық. Ашық-жарқын Арман әр сұраққа байыппен жауап беріп, тұщымды ойларын айтты.

- Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жосалы деген ауылда дүниеге келдім. Бірақ 3 жасқа толған кезімде отбасымызбен Алматы облысы Бесағаш қаласына қоныс аудардық. 7 сынып кезінен бастап бокспен шұғылдана бастадым. Талай жарыстарға қатыстық. Есейе келе, жарыстарға қатыса келе, бокстан көңілім қалды. Өйткені, әділетсіздіктер болды. Бірақ бокс жекпе-жегі болса қазір де дайынмын. Ірі жарыстар емес әрине, қалалық, республикалық деңгейлердегі жарыстарда жұдырықтасуға болады. Аралас жекпе-жекке қалай келгенім есімде жоқ. Әйтеуір жаттығып жүргенде жігіттер осы спорт жайлы айтты. Менде баруға емеурін танытқанмын. Олар күресе білмейсің, дайын емессің деп мысымды басты. Намысқа тырысып қатысып, Қазақстан кубогын ұтып алдым. Негізі боксты 16 жасымда қоя бастадым. Кәсіпқойға ауысуға ол кезде мүмкіндік аз еді.

M1 Global - әлемдік рейтингтегі төртінші ұйым

- М1 – әлемдік рейтингте төртінші орында тұр. Бірінші орында – UFC, екінші – Bellator, үшінші АСВ ұйымдары орналасқан. Төртте осы мен қатысып жатқан ұйым. Осында жеңілмей, жекпе-жектерімді жалғастырсам UFC-ге тікелей жол бар. Өйткені М1-дің ашылғанына 20 жыл болған. Тәжірибелі мамандар жиналған. Сондай-ақ UFC қадағалаушылары осы ұйым аясындағы турнирлерді арнайы келіп бақылап жүреді.

М1 турнирлерінде шынтақпен ұруға болмайды. UFC-де болады. Шүйдеден, арқадан, омыртқадан да соққы жасау – ережеге қарсы. Тіземен отырып, екі қолды жерге тіреп тұрғанда бастан тебуге болмайды.

Көптен күткен тілегім еді

Арман Әшімов соңғы жекпе-жегінде 2,5 мың доллар сыйақы алды. Оның 2 мыңын турнирге қатысқаны үшін болса, 500-і жеңгені үшін табысталған. Спортшы М1 ұйымымен 2 жылдық келісімшартқа қол қойған. Бұл аз гонорар және ұзақ уақыттық келісімшарт емес пе деген сауалымызға сасқан жоқ. Спортшы үшін бірінші табыс емес, ұлтының абыройы маңызды екенін тілге тиек етті.

- 2017 жылдың оразасындағы үлкен тілегім – бір жарқын жекпе-жек өткізу болды. Көптен күткен тілегім орындалып, осы ұйыммен келісімге келдік. Осыған да шүкір деймін. Бұл алғашқы белбеу болды. Артымыздан әлі талай қаракөздеріміз ерер деп сенемін. Келісімшартқа қол қоярда осы ұйымнан UFC-ге шығу мүмкіндігі жоғары екенін білдім. Маған табыс емес, еліміздің абыройы қымбат.

Ninety one – жастарға үлгі емес

Арман Әшімов жастардың спортқа ден қойғанын қалайды, оларға үлгі болуды мақсат тұтады. Үлгі болу үшін де үздік шығып, әлемдік деңгейдегі жарыстарда топ жаруға күш салмақ. Спорттағы ағаларына қарап, жастар бой түзесе дейді.

- Спортта зор жетістікті бағындырған тұлғаларымыз аз емес. Жастар соларға қарап бой түзеп, оң көзқарас қалыптастырса деймін. Солар тұрғанда, Ninety one – жастарға үлгі емес. Шашын бояп, өзге елдің ерсі қылығын әспеттеп сахнаға шыққанша, қара нан мен қара суды ішіп-ақ өмір сүрген жақсы.

Арманның келесі жекпе-жегі қашан өтеді?

Аса жеңіл салмақта жекпе-жек өткізетін қазақстандық спортшы келесі кездесуін украин спортшысы Александр Доскальчукке қарсы өткізуі керек. Ол осы салмақтағы тұрақты чемпиондық атаққа ие. Бұл кездесу қашан өтуі мүмкін екенін Арманның өзінен сұрап білдік.

- Александр Доскальчукпен кездесу маусым айында өтуі мүмкін. Өз елімде өткенін қаламаймын. Өзге елде өтсе керек. Өз елімде жалауымды көтергім келмейді. Шет елдерде қазақты танытқым келеді. Қазақстанда жекпе-жек ұйымдастырып беруге ынта білдіргендер де болды. Әйтсе де мен өзге елде жекпе-жекке шығып, қазақтың көк байрағы биікте қалқығанын қалаймын. Қазақты бүкіл әлем таныса деймін.

Қазақстандық спортшының кездесуін телеарналар көрсете ме?

- Бір кездесуімді Бірінші арна (Еуразия) көрсетті. Одан кейінгі жекпе-жектерім көрсетілген жоқ. Келісімшарт бойынша қаржы көбірек сұраған секілді. Оған мемлекеттік телеарналардың қаржысы жетпегендей. М1 Global ұйымының ақылы өз арнасы бар. Интернат арқылы қарауға болады.

Жымиған күлкі, жойқын соққы...

Қазақ жанкүйерлері Арманның күліп жүріп жекпе-жек өткізетініңе таңданып жатады. Мұның құпиясын спортшыдан сұрап көрдік.

- Жекпе-жек деген – ойын ғой. Азар болса 30 минут төбелесіп, артынан дос боламыз. Оған қабағыңды түйіп, ашуланудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Кезінде Мұстафа Өзтүрік ағамыз да көшеде жүргенде күліп жүрген, ал залға келгенде ол кісіні ешкім танымаған. Негізі кішкентайымнан күліп жүремін.

Лақап атыңның Мұстафа Өзтүрік болуының сыры қандай?

- Бұл бір бұйырған есім. Өзім боксты осы ағамыздың атындағы орталықта бастағанмын. Әлі күнге дейін сонда жұмыс істеймін. Болашақта да сонда боламын. Лақап атымды Мейірбеков Қайыр Сейсебекұлы ағамыз қойған. Осы орталықтың басшысы. Лақап атым жауапкершілік жүктеді. Өзге елге барғанда жалауымды жығып, Мұстафа ағамыздың атақ-даңқын төмендетіп қайтқым келмейді.

Ингушетияда қарсыласымды ұтып келгеннен келісімшарт ұсынғандар көп болды

Аралас жекпе-жектің қазақ еліне келгеніне 8 жылдай болған шығар. Осы аралықта талай әлем чемпионы шықты. 2-3 жыл ішінде қазақ спортшыларын UFC-ден де көріп қалармыз. Бір-бірлеп емес, бір топ болып барады деген ойдамын. Өйткені қазір қызығушылық танытып келген талантты жастар көп. Оған біз де бір себепшіміз. Жол көрсетуші ағаларымыз себепші.

Менен мықты спортшылар жетерлік. Қаншама еңбектеніп, жарысқа барғанда бір сәттілік жетіспей жатады. Көбі аты шыққан спортшыларға ұмтылады. Ингушетиядан ұтып келгеннен кейін маған бірқатар клубтар, ұйымдар өздеріне келісімшартпен шақырды. Мен өз қалауыммен М1-де қалдым. Себебі бұл ұйым өткізетін турнирлерден Хабиб Нурмагомедов, Зубаира Тухугов, Федор Емельяненко секілді спортшылар шыққан. Бұдан ары қарай UFC-ге жол жақын деп ойлаймын.

Қазақстанда да допинг қолданатын спортшылар бар

Дәл қазір әлем спортында допинг дауы өршіп тұрған кез. Қазақ спортын да бір кездері шарпып кеткені жасырын емес. Арманнан осы бір дәрумен жайлы да сұраған едік. Сөйтсек...

- Біздікі олимпиадалық спорт түрі болмағандықтан, аралас жекпе-жекте көпшілігі допинг пайдаланады. Қазақстанда да допинг қолданатын спортшылар бар. Ұйымдарда көп тексеру бола бермейді. Тексергенде де белгілі бір мөлшерден аспаса болғаны. Ал өзім оған қарсымын. Болашақта әке боламын, ұрпақ жалғаймын. Допингпен 5 жыл жүрерсің. Ары қарай болашағың бұлыңғыр. Допингпен дүниені мойындата алмайсың. Спортты аяқтағаннан кейінгі халі қалай болмақ? Болашақты ойлау керек. Ұрпақ тағдырын ұмытпаған абзал.

Арманның алға қойған мақсаты көп. М1 Global жарысында қазақ жанкүйерлерін қуантып, осындай жетістікке жете білген отандасымыздан зор үміт күтеміз. Жеңісті жекпе-жектерімен қазақ елін қуанта бергей!

Дереккөз: Massaget.kz

Жарнама

Живи спортом!