Дональд Трамп Нурмагомедов пен Гэтжи арасындағы кездесуге болжам жасады

16 қыркүйек 2020 16:58
Сурет: sport24.ru
Кеше АҚШ-тың президенті Дональд Трамп сайлаушылармен кездесіп, жиын барысында UFC президенті Дана Уайт пен ұйымның бірнеше спортшысын таныстырды. Бұл спортшылардың арасында жеңіл салмақта уақытша чемпион Джастин Гэтжи де болды. 

Президент кездесу барысында Гэтжидің алдағы жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен болатын кездесу туралы айтып, болжамын жасады. 

"Тағы бір керемет спортшыны таныстырғым келеді. Ол - Джастин Гэтжи. Алдағы уақытта pound-for-pound чемпионы Нурмагомедовпен кездесу өткізеді. Ол маған қарсыласын нокаутқа түсіремін деді. Барлығын бұл кездесуде көремін. Кездесу сайлаудың тура алдында болады. Дегенмен де бұл кездесуді көреміз. Солай емес пе? Мен өзім жеке көремін. Керемет кездесу болады. Гэтжи нокаутпен жеңеді деп сенемін", - деді Трамп. 

Еске салайық, Нурмагомедов пен Гэтжи арасындағы кездесу 24 қазан күні Абу-Даби қаласында өтетін UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегі болады. 






.
Метки: