Джастин Гэтжидің үйіне түскен ұры қымбат велосипедін алып кеткен

21 тамыз 2020 09:52
Сурет: MMA Fighting
UFC ұйымының жеңіл салмақта уақытша чемпионы америкалық Джастин Гэтжи әлеуметтік желіде велосипедін ұрлап кеткенін хабарлады.

MMA Junkie порталының мәліметінше, велосипед құны 4500 доллар екен. 

"Мына жігіт жаңа ғана Денвердегі гаражымнан велосипедті ұрлап кетті. Денверде жеке тергеу жүргізетін детективті танитындар болса, қуана жалдар едім", - деп жазыпты спортшы Twitter желісінде. 



Айта кетейік, америкалық файтер келесі жекпе-жегін промоушен чемпионы Хабиб Нурмагомедовке қарсы өткізеді. Кездесу 24 қазан Абу-Дабидегі UFC 254 турнирінің басты оқиғасы болады.