Единоборства
22 тамыз 10:47

Дияр Нұрғажай UFC-дегі қырғыздың "албымен" айқас алдында таразыға тұрды

©instagram/qsportqazaqstan

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай (10-1) UFC Fight Night турнирі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Диярдың салмағы 92,98 кг, ал оның қарсыласы, қырғызстандық Уран Сатыбалдиевтің салмағы 92,53 кг болды. Екі спортшы да жартылай ауыр салмақ санатының лимитіне (93 кг) толықтай сай келді.

Турнир 23 тамыз күні, Шанхайда (Қытай) өтеді. Қазақстан уақытымен сағат 12:00-де басталады.

Дияр Нұрғожай мен Уран Сатыбалдиев арасындағы жекпе-жек ивентті ашатын алғашқы кездесу болады.

Скриншот: instagram.com/sayatus

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport