Ертең, 23 тамызда Қытайдың Шанхай қаласында UFC Fight Night 257 атты MMA турнирі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан уақытымен 12:00-де басталатын бұл турнир аясында Дияр Нұрғожай (10-1) октагонға шығады.
Қазақстандық файтер Қырғызстан файтері Уран Сатыбалдыевқа (8-1) қарсы тұрады. Олардың жекпе-жегі турнирдің алдын ала бөлімі – прелимде өтеді және турнирді ашады.
Бұл кеште Қытай қазағы Қайсар Мақсат (10-4) прелимдердің соңғы жекпе-жегінде АҚШ өкілі Гейдж Янгпен (9-3) кездеседі.
Сондай-ақ, Қытайда туған тағы бір қазақ - Тайлак Нұражы (11-1-0-1) UFC аясында дебюттік жекпе-жегін өткізеді. Жартылай орта салмақтағы бұл жекпе-жекке ол қытайлық Кенан Сонгтың (22-9) орнына шығады. Оның қарсыласы – Ирландиялық Кифер Кросби (10-5).
UFC Fight Pass платформасындағы бұл оқиғаның тікелей трансляциясы ақылы жазылым арқылы қолжетімді болады.