"Дезинфекциялаушы деп елестет". Қуат Хамитовке үш жылда ақыры жеңіске жетудің жолы айтылды

25 қыркүйек 2020 10:35
Сурет: instagram.com/kuat__khamitov/
Бүгін, 25 қыркүйекте қазақстандық Қуат "Найман" Хамитов (18-7) Мәскеуде өтетін Fight Nights Global турнирінде жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бастапқыда қазақстандық спортшының қарсыласы Олег Косинов (7-5) болу керек еді. Бірақ кезедсуге бір күн қалғанда қарсылас ауысып, енді Хамитов өзге ресейлік Ахмад-Хан Боковпен (5-4) жұдырықтасады.

Хамитовтың Instagram желісіндегі соңғы посттарында көпшілік оған қолдау білдіріп, жеңіс тілеуде, бірақ мынадай пікір де бар екен: "Алға, Қуат. Оны дезинфекциялаушы деп елестет".