Деметриус Джонсон ONE FC чемпионы атанды

27 тамыз 2022 13:40
©MMA Jankie

Америкалық аралас жекпе-жек өнерінің шебері Деметриус Джонсон ONE Fighting Championship (ONE FC) турнирінде бразилялық Адриано Мораесті жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Сингапурдегі айқастың төртінші раундында ауыр соққы жұмсаған Джонсон жеңіске жетті. Осының арқасында ол ONE FC-дің чемпиондық белбеуін иеленді.

Еске салайық, бұл спортшылар арасындағы реванш айқасы болды. Алғашқы жекпе-жек өткен жылдың сәуірінде өтіп, бразилиялық файтер басым түскен еді.

Джонсон карьерасында 36 айқастың 31 жеңіске жеткен. 4 рет тең түскен. Ал Мораес болса 24 жекпе-жектің 20 жеңіп, төртеуінде жеңілістің кермек дәмін татқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: