Дау мен шеттеу. Қазақстандық файтер миллион долларлық турнирде қарсыласыз қалды

23 шілде 2022 10:34
©АСА

Гран-при ACA турнирінде жеңіл салмақтағы Али Багов пен Рашид Магомедов арасындағы ширекфиналдық айқас даумен бітіп, екі спортшы да шеттелді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жекпе-жектің жеңімпазы қазақстандық Артем Резниковтың қарсыласы атану керек болған. Бесінші раунд алдында шаршы алаңға Аса негізін қалаушы Маирбек Хасиев шығып, файтерлерді сылбырлық үшін шеттеп тастады. 

Алдымен үшінші раунд алдында төреші файтерлерге ескерту жасап, белсенді болуға шақырды. Бесінші раунд алдында бұл ескерту қайталанды. Алайда Маирбек Хасиевтің шыдамы таусылған боса керек. Енді жартылай финалға Резниковпен кім шығатыны белгісіз. 

Еске салайық, бұл турнирдің жалпы қоры бір миллион доллар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport