Единоборства
29 маусым 2017 11:37
 
Дәрігерлер Федор Емельяненкоға үш ай ішінде жекпе-жек өткізуге тыйым салды

  Пікірлер

blog.share

Дәрігерлер Федор Емельяненкоға үш ай ішінде жекпе-жек өткізуге тыйым салды ©USA Today

Нью-Йорктың атлетикалық комиссиясы Bellator 180 турниріне қатысқан спортшылардың медициналық тексерістен кейінгі жағдайларын жариялады, деп хабарлайды AllBoxing.ru порталы. 

Комиссияның таратқан мәліметі бойынша, бұл тексерістен кейін дәрігерлер ресейлік Федор Емельяненкоға қайта тексерістен өтпейінше 90 күннің ішінде жекпе-жек өткізуге тыйым салыпты. Оның соңғы қарсыласы болған Мэт Митрион да біраз уақыт жекпе-жек өткізе алмайды. Бірақ оның уақыт мерзімі Емельяненкоға қарағанда үш есе аз. 

Өзінің соңғы жекпе-жегінен кейін Емельяненко карьерасын жалғастыра беретінін хабарлады. Оның Bellator ұйымымен тағы екі жекпе-жекке келісімшарты бар. Бірақ ол енді келесі кездесулерін тек 3 айдан кейін ғана өткізе алады. 

Сондай-ақ Bellator 180 турнирінде төбелескен жеңіл салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Майкл Чендлердің 30 күннің ішінде жекпе-жек өткізе алмайтыны белгілі болды. Оның жекпе-жегі спортшының аяғы сынды деген күдікпен тоқтатылған еді. Бірақ кейіннен тексерістен кейін жарақат ондай ауыр емес екендігі анықталды. 

Bellator 180 турниріне қатысқан басқа спортшылар да 30 күн ішінде жекпе-жек өткізе алмайды. Өйткені, бұл спортшының емделіп алуына Нью-Йорктың атлетикалық комиссиясы берген ең қысқа мерзім. 

Еске салайық, Bellator 180 турнирі 25 маусым күні Нью-Йорктегі "Madison Square Garden" спорт кешенінде өтті. 

Жарнама

Живи спортом!