Дана Уайт UFC тарихында болмаған ұлы жекпе-жек туралы құлақтандырды

10 маусым 2020 11:53
Сурет: FightTime
UFC президенті Дана Уайт ауыр салмақтағы Даниэл Кормье мен осы дивизионда чемпион Стипе Миочич арасындағы жекпе-жек промоушен тарихындағы ең ұлы айқас боларына сенімді.

Бұл кездесу 15 тамыздағы UFC 252 турнирінде өтеді деп жоспарланып отыр. 

"Бұл сұмдық айқас. Бұл жекпе-жекке ауыр салмақтағының бәрі тігіледі. Жеңімпаз UFC чемпионы ғана емес, ауыр салмақ тарихындағы ең ұлы файтер атанады. Осыған дейін екі жекпе-жек тамаша өтті, енді екеуі де үшіншісін қалайды, бәріне нүкте қою үшін", - деп келтіреді Уайттың сөзін Yahoo Sports.

Миочич пен Кормье осыған дейін екі рет жұдырықтасқан. Біріншісінде Даниэль жеңіп, Миочичтен чемпион атағын тартып алған. Қарымтдада тегі хорватиялық файтер басым болды. 2019 жылы өткен бұл жекпе-жектен кейін екеуі де октагонға шыққан жоқ. 
Метки: