MMA
2 наурыз 2022 02:00

Дана Уайт UFC-дегі ресейліктерге қатысты ойын айтты

©Getty Images

UFC президенті Дана Уайт ресейлік ММА спортшыларына қатысты ойын білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Ресейлік спортшылардың қатысуымен өтетін жекпе-жектерді сақтап қалу үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатырмыз. Жағдайдың қиын екенін білемін. Алайда шоу жалғасын табу керек", - дейді Уайт.

Еске салайық, Шығыс Еуропадағы жағдайға байланысты әлемнің көптеген спорттық федерациялары Ресей мен Беларусь елінің спортшыларын жарысттан шеттетіп жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport