MMA
3 наурыз 2019 17:23
 

Дамир Ысмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегінен кейін мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Дамир Ысмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегінен кейін мәлімдеме жасады © instagram.com/ismagulov_damir

Ресейдегі қазақ файтері Дамир Ысмағұлов жарақатына байланысты Санкт-Петербургте өтетін жарысқа қатыса алмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Ресейдегі қазақ файтері Дамир Ысмағұлов жарақатына байланысты Санкт-Петербургте өтетін жарысқа қатыса алмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жекпе-жектен кейін бір апта өтті, маған көмектескен және қолдау білдірген барлық адамдарға үлкен алғыс айтқым келеді! Жақсы команда - жеңіс кепілі. Сондай-ақ, менің бапкерлерім мен достарыма және басқаларға да айтарым тек алғыс! Жарақат деген әрдайым қыр соңыңнан қалмайды, әсіресе жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүрсең. Өкінішке орай, бұл жолы жарақатсыз өткізу мүмкін болмады, Санкт-Петербургтегі жарысқа қатыса алмайтын болдым, бірақ мен сол жерде өнер көрсетіп, жанкүйерлерді қуантқым келді! Қазір емделіп жатырмын, бәрі жақсы болады деп үміттенемін! Тағы да қолдау көрсеткендеріңіз үшін рақмет, тағы да торға оралып, ең қызықтысы алда", - деп жазды Ысмағұлов Instagram желісінде. 

Таяуда Чехия астанасы Прагада өткен UFC Fight Nights 145 турнирінде Ысмағұлов испаниялық Хоэль Альваресті жеңді. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық файтер төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша этникалық қазақ спорттық мансабындағы 18-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті, ол бұрындары екі рет жеңіліс тапқан. 17 кездесуге қатысқан оның қарсыласы Альварес үшінші рет тізе бүкті. Сондай-ақ, ол UFC турнирінде бірінші рет өнер көрсетті. 

Айта кетейік, Ысмағұлов UFC ұйымында бірінші рет 1 желтоқсанда Аустралияның Аделаида қаласында жекпе-жекке шықты. Қазақстандық спортшы алаң иесі Алекс Горджесті төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша ол UFC турнирінде жеңіске жеткен бірінші қазақ атанды.

Жарнама

Живи спортом!