tZi4Lcbgx1lvZqcu7ocngLsNh9jklS8xiBtZ2r6z
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Дамир Ысмағұлов UFC-де жұдырықтаса алатын қазақстандық файтерді атады

Дамир Ысмағұлов UFC-де жұдырықтаса алатын қазақстандық файтерді атады
Reuters©
Ресейлік қазақ Дамир Ысмағұлов QazSport арнасына берген сұхбатында UFC-мен келісімшарты және келесі жекпе-жегі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

- Менеджер келіссөздерден кейін қыркүйекте Мәскеуде жұдырықтасуымыз мүмкін екенін айтты. Астанаға барып, жергілікті жігіттермен жаттықтым. Бірақ жекпе-жек өтпей қалды. Қытайда жұдырықтасуды ұсынды. Бірақ онда қарсылас бас тартты. Қарсылассыз қалам деп ойладым. Алғашқы жекпе-жек келесі жылға қалуы мүмкін екені айтылды. Сәті түсіп, Аустралияда кездесу өткіздім. Қиын болды, бірақ, Қазақстаннан жігіттер келіп қолдағаны жақсы болды. Қолдау сезіліп тұрды. Мен октогонда, ал жанкүйерлер оның сыртында айқасты. 

- Ары қарайғы жоспарларыңыз қандай?

- Біраз ойлар бар. Бұл жолы біреудің орнына шықпаймын деген үміттемін. Қарсыластың есімі айтылады жаттығу лагерін толық өткізу үшін. Ақпанда Прагада жекпе-жек сұрадым. Қай жерде болсын жұдырықтасуға даярмын. Ресми түрде жекпе-жегім туралы қаңтарда жарияланады. Жартылай жеңіл салмақта қарсыластар қарастырдым. Мұнда жақсы дайындық қажет. Бұл дивизионда белбеуге жетем деген ойдамын. Менеджер жеңіл салмақты ұсынып отыр. Келімсімшартым төрт жекпе-жекке, біреуін жеңіл салмақта, қалғандарын жартылай жеңілде өткізетін шығармын. 

- Қазақстанның қай спортшысын UFC-де елестете аласыз?

- Қазақстандық спортшылар ілгерлеп келеді. Барлығымен хабарласып тұрамын. Өз еліңде ғана жеңу аздық ететінін түсіну қажет. М-1 промоушенінде чемпиондық белбеу қажет және оны бірнеше рет қорғау керек. Жако (Жалғас Жұмағұлов - Vesti.kz ескермесі) - Fight Nights чемпионы. Әр жекпе-жегінде ол UFC-ге жақындап келеді. Бізде файтерлер көп, бірақ, оларға көп еңбектену қажет. 


Ставки на спорт!
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар