Дамир Исмагуловтың UFC ұйымындағы келесі кездесуі қашан өтетіні анықталды

25 желтоқсан 2021 09:39
©UFC

Дамир Исмагуловтың UFC ұйымындағы келесі кездесуі қашан өтетіні анықталды, деп хабарлайды pro_mma.kz Instagram парақшасы. 

"Дамирдің келесі кездесуі қашан өтеді? Спортшының айтуынша, ақпан айында секілді. Ол бір файтердің орнын басатын болды. Жуырда ресми хабарлайтын шығар", - деп жазды дереккөз. 

Еске салайық, Дамир Исмагулов (23-1)  30 қазан күні Абу-Даби (БАӘ) қаласындағы UFC 267 турнирінде ресейлік Магомед Мустафаевпен кездесуі керек еді. Бірақ Ресейде дүниеге келген қазақ спортшының салмақ қуу кезінде денсаулығы сыр берді. Кейін спортшының менеджері Саят Әбдірахманов жекпе-жектің өтпейтінін мәлімдеді. 

Ал 18 желтоқсан күні Исмагулов Атырау қаласында Mergen Fighting Championship турнирінде Арман Оспановпен кездесіп, грэпплинг ережесі бойынша 7:5 есебімен жеңіске жетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: