Дамир Исмагуловтың UFC ұйымындағы келесі қарсыласы белгілі болды

2 қыркүйек 2021 11:18
©instagram.com/ismagulov_damir

Аралас жекпе-жекте Ресейдің атынан өнер көрсететін қазақ спортшысы Дамир Исмагуловтың UFC ұйымындағы келесі қарсыласы анықталды. Бұл туралы ресейлік инсайдер Игорь Лазорин хабарлады. 

Исмагуловтың келесі кездесуін 30 қазан күні Абу-Даби қаласында UFC 267 турнирінде өтеді. Оның қарсыласы ресейлік Магомед Мустафаев болады. 

Еске салайық, Исмагулов UFC ұйымындағы соңғы кездесуін мамыр айында өткізіп, бразилиялық Рафаэль Алваесті (19-10) жеңген еді. Ал маусым айында ол жарақат алып қалған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: