Дамир Исмагуловтың UFC ұйымында келесі кездесуін қашан өткізетіні анықталды

1 қыркүйек 2021 13:20
©instagram.com/ismagulov_damir

Аралас жекпе-жекте Ресейдің намысын қорғайтын қазақ спортшысы Дамир Исмагулов (20-1) UFC ұйымында өзінің келесі кездесуін өткізуге дайындалып жатыр. Бұл туралы спортшының өзі Instagram парақшасында жазды. 

Исмагулов UFC ұйымындағы соңғы кездесуін мамыр айында өткізіп, бразилиялық Рафаэль Алваесті (19-10) жеңген еді. Ал маусым айында ол жарақат алып қалған еді. 

Енді Дамир UFC ұйымындағы келесі кездесуін 30 қазан күні Абу-Даби қаласында өткізеді. Бұл туралы Исмагуловтың өзі Instagram парақшасында жанкүйеріне берген жауабында айтты. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар