Дамир Исмағұловтың UFC промоушеніндегі келесі жекпе-жегі белгіленді

19 мамыр 2022 19:01
©inform

Дамир Исмағұловтың UFC промоушеніндегі келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстан намысын қорғап жүрген ресейлік қазақтың айқасы АҚШ жерінде өтеді.

"Ресми! Дамир Исмағұлов пен Гурам Кутателадзе 19 маусымда жекпе-жек өткізеді", - деп жазады UFC Russia.

Еске салайық, Исмағұлов UFC промоушенінде төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ол соңғы рет октагонға 2021 жылдың 23 мамырында UFC Fight Night 188 турнирінде төрешілердің шешімімен бразилиялық Рафаэль Алвесті жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport