Дамир Исмағұлов UFC ұйымында бесінші жеңісіне жетті

19 маусым 2022 08:12
©UFC

Ресей намысын қорғайтын 31 жастағы қазақ файтері Дамир Исмағұлов 30 жастағы Швеция елінің намысын қорғайтын грузиялық Гурам Кутателадзені жеңді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу бүгін Остин (Техас штаты, АҚШ) қаласындағы UFC on ESPN 37 турнирінде болды. Жеңіл салмақта өткен аталған кездесу Исмағұловтың пайдасына аяқталды. 

Жеңіл салмақта өткен бұл кездесудің бірінші раунды Кутателадзенің пайдасына аяқталды. Ол Исмағұловқа қарағанда жылдам әрі белсенді болды. Сонымен оның соққылары да дәл шықты. Ал екінші раунд толық қазақ файтерінің басымдығымен өтті. 

Үшінші раунд барысында Кутателадзе шаршап қалды. Оның үстіне швециялықтың мұрны қанап кетті. Кездесудің аяқталуна 24 секунд қалғанда Гурам тізесімен рұқсат етілмеген соққы жасады. Алайда ол кезде төреші оны жазаламады. Ал айқастың қорытындысы бойынша Исмағұлов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Исмағұлов кештің басты кардында бірінші мәрте өнер көрсетіп, бесінші жеңісіне қол жеткізді. Дамир мүлде жеңілмеген. 

Кутателадзе болса екінші айқасын өткізіп, бірінші мәрте жеңілді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport