Дамир Исмағұлов UFC-гі жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

26 қараша 2022 01:15
©Instagram/ismagulov_damir

Қазақстандық ММА шебері Дамир Исмағұлов (24-1) UFC промоушенінде өткізетін айқасына қатысты жарияланған пост астына пікір қалдырды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

18 желтоқсан күні Исмағұлов Лас-Вегас төрінде UFC Vegas 66 турнирінде Арман Царуканянмен (18-3) кездеседі.

"Биікке шығатын уақыт келді", - деп жазды Дамир инстаграм парақшасында.

Еске салайық, Исмағұлов жеңіл салмақтың рейтингінде 12-орында, ал Царуканян болса 9-сатыға жайғасқан.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport