Дамир Исмағұлов UFC-дегі үздік ондыққа кіргісі келетінін айтты

16 маусым 2022 20:19
© instagram.com/ismagulov_damir/

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Дамир Исмағұлов (23-1) Гурам Кутателадзеге (12-2) қарсы кездесуге дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды "Чемпионат".

Кезедесу жексенбі күні АҚШ-тың Техас штаты, Остин қаласында UFC on ESPN 37 кешінде өтеді.  

"Бұл жолғы дайындығым өте жақсы. Ұзақ, алайда, жақсы дайындалдым. Гурам осал емес қарсылас екенін білемін. Бірақ үздік 15 файтердің қатарына кіретіндердің бірімен жекпе-жекке дайын екенімді айтқым келеді. Өзім де үздік 15-тікке, тіпті үздік ондыққа кіргім келеді. Оларға қарсы тұра алатыныма, тіпті жеңетініме сенемін. Сондықтан мен өз мүмкіндігімді күтіп жүрмін", - деді Исмағұлов өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, Исмағұлов - Кутателадзе кездесуі, жексенбі, 19 маусымда, Нұр-Сұлтан уақытымен шамамен 05:30-да өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport