Дамир Исмағұлов UFC-дегі келесі қарсыласына қатысты мәлімдеме жасады
Ресей намысын қорғайтын қазақ файтер Дамир Исмағұлов UFC-дегі келесі кездесуінде рейтингте үздік ондықта тұрған, нақтырақ айтсақ америкалық Дональд Серронемен кездескісі келетінін айтты, деп жазады mmajunkie.usatoday.com порталы.

"Қарсыласым мықты болған сайын мен де жақсы төбелесе бастаймын. Маған шоу ұйымдастыруға мүмкіндік беріңіздер. Маған үздік 15 немесе 10-та тұрған қарсыласты берулеріңізді сұраймын.
Өз-өзіме толық сенімдімін. Кез-келген қарсыласпен шығуға дайынмын.
Серронеде қарсылас жоқ деп естідім. Сондықтан мен оның келесі қарсыласы болғым келеді", - деді Исмағұлов.
Еске салайық, Остин (Техас штаты, АҚШ) қаласында өткен UFC on ESPN 37 турнирінде Исмағұлов Швеция намысын қорғайтын грузиялық Гурам Кутателадзені жеңіді. Бұл оның осы ұйымдағы бесінші жеңісі болды.
Ал Серроне болса 2015 жылы жеңіл салмақта UFC чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізді. Бірақ бразилиялық Рафаэль Дос Аньостан ұтылып қалды
Жарнама