Дамир Исмагулов айқасы алдындағы жаттығуын көрсетті

23 сәуір 2022 11:02
©championat

UFC жауынгері Дамир Исмагулов әлеуметтік желіде дайындығын көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақ елінің намысын қорғап жүрген қаракөз файтер маусымның 19 күні Лас-Вегаста UFC Fight Night турнирінде октагонға шығады. Дамирдің қарсыласы швециялық Гурам Кутателадзе болмақ.

Аталмыш промоушнда жеңіліс көрмеген Исмагулов соңғы рет 2021 жылдың 23 мамырында UFC Fight Night 188 турнирінде төрешілердің бір ауыздан шыққан шешімімен бразилиялық Рафаэль Алвесті жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport