Дағыстандық белгілі UFC файтері карьерасын аяқтады

16 маусым 2022 09:02
©UFC

Ресейлік Забит Магомедшарипов UFC ұйымын карьерасын аяқтайтыны жайлы хабардар етті. Бұл туралы "Вестник MMA" телеграм арнасы хабарлап отыр.

Әйгілі промоушендегі кейінгі айқасын ол 2019 жылы 9 қарашада өткізіп, америкалық Келвин Каттарды жеңген еді.

31 жастағы Магомедшарипов ММА-де 18 жекпе-жегінде жеңіске жетіп, бір рет қана жеңілген. Ал UFC-де ол алты айқасының бәрінде үстем түсті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport