UFC ұйымының жеңіл салмақтағы бұрынғы екі дүркін чемпионы Ти Джей Диллашоу Хамзат Чимаевтің UFC 328 турнирі алдындағы салмақ қуу процесі туралы тосын мәлімет айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Америкалық файтердің сөзінше, Чимаевтің жаттығу лагерінде болған кезінде спортшы жалдаған нутрициологтар өрескел қателіктер жіберіп, жағдайдың қайғылы аяқталуына аз қалған.
Диллашоудың басты мәлімдемелері
Ауыр халге түскен
Судың дұрыс үйлестірмсеу салдарынан Чимаевтің ағзасы тер шығаруды тоқтатқан. Салмақ өлшеу рәсімі алдында файтер жасыл өт құсыпты.
Денсаулық мәселелері
Диллашоудың айтуынша, Хамзаттың қалқанша безінің жартысы алынған. Соның салдарынан оның метаболизмі қарапайым адамға қарағанда екі есе баяу жұмыс істейді. Мұндай жағдайда салмақты қысқа уақытта қуу оның өміріне қауіп төндірген.
Чимаевтің күйзелісі
Файтердің қатты әлсірегені соншалық, ол қарсыласы Шон Стриклендке салмақ қуу процесін тоқтату үшін бір миллион доллар төлеуге дайын болған.
Жекпе-жекке баға
Чимаев төрешілер шешімімен жеңілгеніне қарамастан, Диллашоу оның өнерін ерлікке теңеді.
"Оның октагонға шығу үшін қандай қиындықтан өткенін көрсеңіздер, бұл таңдандырады", - деді америкалық спортшы.
Еске салайық, UFC 328 турнирінде америкалық Шон Стрикленд Ньюаркта өткен кеште Хамзат Чимаевті жеңіп, орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қайтарып алған болатын.
Қазір шешен файтері реванш өткізуді талап етіп жүр. Ал UFC президенті Дана Уайт бұған дейін "Борздың" жартылай ауыр салмаққа ауысуы мүмкін екенін айтқан еді.
Жарнама